Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды (толық нұсқасы)

Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды (толық нұсқасы)

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспары үкіметке таныстырылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 424
Фото - Caravan.kz

«Жақында Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджанов үкіметке Ішкі істер министрлігі жүйесін реформалауды жалғастырудың стратегиялық жоспарының тұсаукесерін өткізді»,- деді ол.

«Бұл стратегияны орындауға біз екі жыл бұрын кірістік. Оны орындау үшін алға ең басты төрт міндет қойдық»,- деді Б.Қожахметов.

«Барлық қызметтердің, бөліністердің функцияларын, олардың штат санын, қызметкерлерлің жүктемесін, аппараттың ұйымдастыру-штаттық құрылымын талдай отырып, ІІМ өз алдына мынадай міндеттерді орындауға алға қойды:
функциялардың қайталанып келуін жою; басқару звеноларын қысқарту; штат санын оңтайландыру (69095 штат қызметкері); аппаратты ұстауға арналған шығындарды үнемдеу».

«Бұл өзгерістер орталық аппараттың санын 1115-тен 653-ке, вице-министрлер санын 6-дан 3-ке, департамент санын 17-ден 12-ге дейін, барлық 9 дербес басқармаларды қысқартуға мүмкіндік берді. Министрлік және оның комитеттері туралы жаңа ережелер бекітіліп, барлық функциялар шектелді. Министрлікке стратегиялық, реттеу функциялары, комитеттерге- бақылау және іске асыру функциялары берілді. Басқарудың жүйесінің 9 сатысынан 6 сатысына көшуге ұйғарылып отыр».

Баспасөз қызметі жетекшісінің айтуынша, сонымен бірге «ІІД-нің облыстық аппараттарында құрылым мен басқару звеноларын өзгерту шешімі қабылданды. ІІД бастықтарының 5 орынбасарлары ішінен 3-еуі ғана қалады (жедел жұмыс жөніндегі, әкімшілік және тергеу қызметтері)».

Облыстық орталықтарындағы аудандық бөлімдердің ұйымдастыру-штат құрылымы мен жүйесі үйлестірілуде. Енді облыстардың ІІД қарамағынан олардың қарамағына патрульдық, жол полициясының және арнайы мекемелердің 1400 қызметкері тапсырылады.

Б.Қожахметов сонымен бірге «бүгінгі күні жеке медициналық айықтырғыштарды ұстау расталмай» отырғанын айтты.

«Кейбір медициналық айықтырғыштарға 10-нан артық адам орналаспайды. Сондықтан жақында 9 (42 айықтырғыш ішінен) қысқартылды, ал босатылған 100 орыннан әкімшілік полиция бөлінісі нығайтылды»,- деді ол.

Алғаш рет ІІМ және өңірлік ІІД жанында Қоғамдық кеңестер құрылды. Сонымен қатар ІІМ жанында кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңес құрылды. Кеңес министрлік әзірлейтін нормативтік құқықтық актілерді сараптайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті