Қазақстан мен Әлемдік банк құны 2,5 млрд доллар тұратын жол құрылысының жобасы бойынша алдын-ала келісімге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Әлемдік банк құны 2,5 млрд доллар тұратын жол құрылысының жобасы бойынша алдын-ала келісімге келді

Қазақстан мен Әлемдік банк құны 2,5 млрд доллар тұратын жол құрылысының жобасы бойынша алдын-ала келісімге келді

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Әлемдік банк Азия елдерінің Ресеймен және Еуропамен сауда қарым-қатынастарын жетілдіруге көмектесетін құны 2,5 млрд доллар тұратын жол құрылысының жобасы бойынша алдын-ала келісімге келді. Бұл жоба Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттыруға қуатты серпін беріп, тек елге ғана емес, жалпы Орталық Азия өңіріне пайда әкеледі деп күтілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі Әлмдік банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 23 Маусым 2008
  • 464
Фото - Caravan.kz

Осынау ірі транспорттық жоба бойынша келісімге республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен жуырда Қазақстанға үш күндік сапармен келген Әлемдік банк тобының президенті Роберт Б. Зелликтің кездесуінен кейін жария етілді.

Әлемдік банк Шымкент пен Ақтөбе арасындағы ұзындығы 1025 шақырымдық жолға жөндеу жүргізу және салу жұмыстарын қаржыландырады деп күтілуде. Әлемдік банк қолдаған жол салу жобасы жалпы құны 7,5 млрд долларды құрайтын жобаның бір бөлігін құрамақ. Оның аясында Қазақстанның Қытаймен шекарасынан (Қорғас) бастап Ресеймен арадағы шекарасына (Сырым) дейінгі ұзындығы 2800 шақырымдық жолы жаңартылады. Жоба ендігі жылы жүзеге асырыла бастайды. Бұл Орталық Азиядағы ең ірі инфрақұрылымдық жоба болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті