Ағымдағы жылдың бес айында Қазақстандағы автокөліктер саны 246,4 мыңға өскен - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ағымдағы жылдың бес айында Қазақстандағы автокөліктер саны 246,4 мыңға өскен

Ағымдағы жылдың бес айында Қазақстандағы автокөліктер саны 246,4 мыңға өскен

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ағымдағы жылдың бес айында Қазақстандағы автокөліктер саны 246,4 мыңға өскен. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 808
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандағы жалпы автопарк 3,2 млн-нан асқан. Өткен жылы көлік санының өсімі 508 600 бірлікті құраса, ал ағымдағы жылдың 5 айында 246,4 мыңға өскен»,- деді ол.

Жолдағы көлік оқиғалары әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. Соңғы 5 жылда елімізде 76 мың жол апаттарынан 18 мың адам қаза болып, 91 мың адам жарақаттанған.

ІІМ үкімет бекіткен 2008-2010 жылдарға арналған жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бағдарламасын жүзеге асыруда.

Алдағы 2 жыл ішінде «бақылау» автоматтандырылған жүйесін енгізу қарастырылуда. Ол жолдағы бпрлық құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жолдарға әуе бақылау практикасы жалғастырылады. Бүгінгі таңда тікұшақтан бақылау Астана қаласында, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарындағы республикалық маңызы бар жолдарда жүзеге асырылуда.

Жол ережесін бұзу фактілерін белгілейтін автоматтандырылған фото-бейне бақылау жүйелері қолданысқа енгізілуде. Мұндай жүйелер, Астана, Алматы, Қарағанды және Өскемен қалаларында жұмыс істеуде. Атырау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында аталған құрылғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 238 құрылғы қолданыста, оның 65 станционарлы.

Бір бейне-фото бақылау тәулігіне мыңға жуық құқық бұзушылықтарды белгілесе, жол полициясының қызметкері осы уақытта 10-ға жуық құқық бұзушылықты анықтайды.

Парламент мас күйінде көлік айдаған жүргізушілерге жауапкершілікті қатаңдатуды қарастыратын заңды қабылдады. Оған сәйкес, жолдағы апат саны 10-15 пайызға төмендейді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті