Ресей-тәжік ұялы байланыс операторы Рогун су электр станциясын салуды аяқтау ісіне қатысуға дайын екендігін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей-тәжік ұялы байланыс операторы Рогун су электр станциясын салуды аяқтау ісіне қатысуға дайын екендігін білдірді

Ресей-тәжік ұялы байланыс операторы Рогун су электр станциясын салуды аяқтау ісіне қатысуға дайын екендігін білдірді

Алматы. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Тәжікстан ұялы байланыс желісі" сауда маркасымен ұялы байланыс қызметін көрсететін "TT mobile" ЖАҚ Рогун су электр станциясын салуды аяқтау ісіне қатысуға дайын. Бұл туралы 20 маусымда Душанбеде өткен баспасөз мәслихатында "Тәжікстан ұялы байланыс желісі" компаниясының бас директоры Гулмахмад Каюмов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "CA-News" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 23 Маусым 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Су электр станциясын салуды аяқтау туралы Ресеймен келісе алмаған Тәжікстан бұл станцияны өз бетімен аяқтауды жөн көрген. Тәжікстан президенті аталмыш нысанның құрылысын аяқтауға белсенді түрде қатысуға және өз үлестерін қосуға соңғы екі айда республика азаматтарын бірнеше мәрте шақырған болатын.

Алты агрегат орнатылатын Рогун су электр станциясының жоспарланып отырған қуаты 3,6 мың мегаватты құрайды. Құрылыс 1976 жылы басталған. Алайда, Кеңес Одағының күйреуімен бірге оның құрылысы да тоқтаған. Ал салынған бөгетті жойқын сел ағызып әкеткен. Жобаның жалпы құны 3,4 млрд АҚШ долларын құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті