Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар бағдарламасы Қытай министрінің еліміздің басшылығымен кездесулерін қамтып, келіссөздер барысында саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері және жоғарғы дәрежеде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысы қарастырылады.
«Қытай Сыртқы істер министрінің Қазақстанға алдағы ресми сапары қазақстан-қытай стратегиялық әріптестік қатынастарының одан әрі дамыту ісінде маңызды оқиға болмақшы»,- деді ресми өкіл.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті