Е.Ашықбаевтың айтуынша, «Люксембург премьер-министрі Жан-Клод Юнкер Қазақстанға 26-28 маусымда ресми сапармен келеді».
«Сапар барысында Люксембург үкіметі басшысының еліміздің басшылығымен кездесуі, Қазақстан-Люксембург бизнес-форумына қатысуы, С.Асфандияров атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Г.Кюнцигер атындағы профессорлық клиника және микробилогиялық зертханасына баруы жоспарланған»,- деді ол.
Сонымен бірге, Е.Ашықбаевтың айтуынша, «25-27 маусымда БҰҰ бас хатшысының гендер мен әйелдер жағдайы бойынша арнайы кеңесшісі Р.Маянджи Астанаға сапармен келеді».
СІМ ақпаратына сәйкес, «сапар шеңберінде Р.Маянджи Еуразиялық әйелдер саммитіне (25-26 маусым) және 1-ші Астаналық Экономикалық форумға ( 27 маусым) қатысып, ҚР парламенті және министрліктер мен ведомстволарының басшылығымен кездеседі, сонымен қатар ұлттық кітапханың жанындағы БҰҰ Ақпараттық орталығына және Республикалық Ана мен бала орталығына барады деп жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті