Қазақстанда биыл ҰБТ бойынша ең жоғарғы 125 баллды 2 адам жинай алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда биыл ҰБТ бойынша ең жоғарғы 125 баллды 2 адам жинай алды

Қазақстанда биыл ҰБТ бойынша ең жоғарғы 125 баллды 2 адам жинай алды

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда биыл ҰБТ бойынша ең жоғарғы 125 баллды 2 адам жинай алды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында ҚР білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 23 Маусым 2008
  • 446
Фото - Caravan.kz

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан баспасөз-релизінде 125 баллды Павлодар қаласының №9 мектебінің түлегі Әлия Өміралина мен Шығыс Қазақстан облысының М. Әуезов атындағы мектебінің түлегі Назерке Садықова жинады деп атап көрсетілген.

Сонымен қатар, министр 5 пән бойынша 100 баллдан жоғары көрсеткішке барлық тестке қатысқандардың 6,6 пайызын құрайтын 7 637 түлек қол жеткізгенін хабарлады. Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы бұл көрсеткіш 10,6 пайызға тең болған.

Ж. Түймебаев ең жақсы көрсеткіштерді Астана қаласы мен Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарындағы мектептерінің түлектері көрсеткенін де айта кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті