«3212 үміткердің ішінде 767 түлек «Алтын белгіге» лайықты білімдерін ақтап шықты», — деді министр. Бұл ретте ол «Алтын белгіге» үміткер 226 түлек «Алтын белгіні» алуға мүмкіндік беретін көрсеткіштен 1 балл кем жинағанын атап көрсетті.
Осыған байланысты министрлік оқу озаттарын қолдау мақсатында ҰБТ сертификатының «өте жақсы» деген баға көрсеткішін жалпы орта білім туралы аттестаттың бағасына ауыстыру кезінде 1 баллға төмендету туралы шешім қабылдады.
Яғни, өз білімдерін ақтау үшін 1 балл жетпей қалған оқу озаттарына «Алтын белгі» табыс етілетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті