Қазақстан бизнестің салықтық ауыртпалығын күрт төмендетуді көздеп отыр - Коммерсантъ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан бизнестің салықтық ауыртпалығын күрт төмендетуді көздеп отыр - Коммерсантъ

Қазақстан бизнестің салықтық ауыртпалығын күрт төмендетуді көздеп отыр - Коммерсантъ

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан бизнестің салықтық ауыртпалығын күрт төмендетуді көздеп отыр. Оның өтемін мемлекет жер қойнауын пайдалану салығын күрт көтеру арқылы және барлық шикізаттық келісім-шарттар үшін "тұрақты" салық режимін алып тастау жолымен алмақ ниетте. Бірінші кезекте, Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнай кен орындарында жұмыс істейтін он шақты ірі жер қойнауын пайдаланушылар ғана бұдан босатылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Ресейдің "Коммерсантъ" газетіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Маусым 2008
  • 515
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, басылымның хабарлауынша, бұл реформа корпоративтік табыс салығының көлемін азайтуды ұсынады (РФ-ның табыс салығының баламасы, оның Қазақстандағы мөлшерлемесі 30 пайызды құрайды). Шағын және орта бизнес үшін салық бойынша аванстық төлемдердің төленуін болдырмауды көздейді. Алайда, ол ірі салық төлеушілер (300 компания) мен жер қойнауын пайдаланушылар (олар бірлесе отырып аванстық төлемдер түсімінің жалпы сомасының 70 пайызын қамтамасыз етеді) үшін сақталады. Жұмыс тобы қазіргі ҚҚС мөлшерлемесін 13-тен 12 пайызға төмендетуді, сондай-ақ, 2009 бен 2012 жылдардың аралығында сатылай отырып, жеткізушілерге төленуге тиісті ҚҚС мен сатып алушыларға есептелген ҚҚС арасындағы айырмашылықтың (ҚҚС бойынша дебет сальдосы) орнын бюджеттен толтыруды енгізуді ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті