ҚР құқық қорғау органдарының реформасы аясында олардың жұмысын бағалау жүйесі өзгеріске ұшырайды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР құқық қорғау органдарының реформасы аясында олардың жұмысын бағалау жүйесі өзгеріске ұшырайды

ҚР құқық қорғау органдарының реформасы аясында олардың жұмысын бағалау жүйесі өзгеріске ұшырайды

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР құқық қорғау органдарының реформасы аясында олардың жұмысын бағалау жүйесі өзгеріске ұшырайды. Бұл туралы дүйсенбі күні "Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету механизмдері және халықаралық тәжірибе" атты халықаралық конференцияда ҚР президентінің кеңесшісі, ҚР президенті жанындағы комиссия төрағасының орынбасары Нартай Дүтбаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 605
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта мемлекет басшысының тапсырмасымен бүкіл құқық қорғау жүйесіне реформа жүргізілуде. Қазір осы мәселелерді зерттеп жатқан президент әкімшілігі мен үкімет өкілдерінен тұратын арнайы жұмыс тобы жұмыс істеуде. Менің ойымша, жақын уақыттарда біз осы реформаның нәтижелерін көріп қаламыз», — деді Н. Дүтбаев.

Ол мысал ретінде қаржы полициясының жұмысын бағалау жүйесін келтірді. «Бүгін олар қанша сыбайлас жемқорды соттағандарын айтып есеп береді. Әрине, бұл да олардың қызметін бағалаудың элементтерінің бірі болады. Дегенмен, қаржы полициясының қызметін бағалау деңгейі негізінен қазақстандықтардың іскерлік белсенділігі қаншалықты артқандығына байланысты болады. Өйткені, олар сыбайлас жемқорлықпен күресе отырып, азаматтарымыздың іскерлік қабілеттілігі артуы үшін, шағын және орта бизнестің дамуы үшін жағдай жасаулары тиіс», — деді Н. Дүтбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті