Сангтуда-1 су электр станциясының екінші агрегаты Рахмон мен Чубайстың қатысуымен ресми түрде 2 шілдеде іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сангтуда-1 су электр станциясының екінші агрегаты Рахмон мен Чубайстың қатысуымен ресми түрде 2 шілдеде іске қосылады

Сангтуда-1 су электр станциясының екінші агрегаты Рахмон мен Чубайстың қатысуымен ресми түрде 2 шілдеде іске қосылады

Душанбе. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Жобалық қуаты 167,5 МВт-ты құрайтын және ай сайын 72 млн кВт-сағат электр қуатын өндіретін Сангтуда-1 су электр станциясының екінші агрегаты пайдалануға 28 маусымда беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл туралы дүйсенбі күні РАО "ЕЭС России" "Желісінің" Бизнес-бірлігінің басқарушы директорының орынбасары Михайл Цой мен Тәжікстан Республикасының энергетика және өнеркәсіп министрі Шерәлі Гулдың жетекшілігімен өткен штаб отырысы барысында "Сангтуда - 1 су электр станциясы" ААҚ құрылыс басқармасынан мәлім етілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 24 Маусым 2008
  • 426
Фото - Caravan.kz

«Ал Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, РАО «ЕЭС России» төрағасы Анатолий Чубайс пен Ресей Федерациясы үкіметінің вице-премьері Сергей Нарышкиннің қатысуымен өтетін екінші агрегаттың іске қосылуының ресми салтанатты рәсімі алдын ала 2 шілдеге жоспарланған», — деп атап көрсетілген ақпарат агенттігі таратқан хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті