«Сыбайлас жемқорлықпен күресте табысқа жету үшін ең басты екі нәрсе қажет. Бұл — мемлекеттің жігері мен азаматтардың атсалысуы», — деді С. Злотников.
«Конференцияның мақсаты — мемлекеттік секторға арнап нұсқаулар дайындау. Оның үстіне қазір Қазақстан БҰҰ-ның екі конвенциясын — сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі және трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі конвенцияларды бекітті. Жаһандық әлемнің қатысушысы ретінде біздің проблемаларымыз жергілікті емес, ғаламдық сипатқа көшті», — деді С. Злотников.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті