Экономиканың нақты секторын дамыту үшін бөлінген қаражаттың бюджет құрылымындағы үлес салмағы аз болып отыр -Есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономиканың нақты секторын дамыту үшін бөлінген қаражаттың бюджет құрылымындағы үлес салмағы аз болып отыр -Есеп комитеті

Экономиканың нақты секторын дамыту үшін бөлінген қаражаттың бюджет құрылымындағы үлес салмағы аз болып отыр -Есеп комитеті

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Экономиканың нақты секторын дамыту үшін бөлінген қаражаттың бюджет құрылымындағы үлес салмағы аз болып отыр. Бұл туралы есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев кеше парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 666
Фото - Caravan.kz

О.Өксікбаевтың айтуынша, «2007 жылы экономиканың нақты секторын дамыту үшін бюджет қаражаты отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану, өнеркәсіп және құрылыс қызметі, көлік және коммуникация функционалдық топтарына бөлінген».

Аталған топтар бойынша бюджет шығыны 2006 жылмен салыстырғанда орташа алғанда 30%-дан бастап 2 еседен жоғары өскеніне қарамастан, олардың бюджет құрылымындағы үлес салмағы аз болып отыр.

Бұл ретте, мәселен, «Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» тобы бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулерге шығыстар қарастырылды. Сондай-ақ, Қарағанды қаласындағы өндірістік парктің инфрақұрылымының құрылыс жұмыстары және Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағының инфрақұрылымын дамыту үшін мақсатты трансферттер бөлінген.

«Алайда, бұл салаға да бөлінген қаражаттың уақтылы игерілуі қамтамасыз етілмеген, бюджеттік бағдарламаларды орындауда қаржылық бұрмалаушылықтар орын алған»,- деді Есеп комитетінің төрағасы.

Атап айтқанда, оның мәліметінше, Көлік және коммуникация, Индустрия және сауда, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің жекелеген бюджеттік бағдарламаларының орындалуы кезінде 7,5 млрд. теңгеден астам бұрмалаушылықтарға жол берілген.

Көлік және коммуникация министрлігінде жол құрылысы және қайта өңдеу жөніндегі жобалардың құнын негізсіз арттыру, мемлекеттік стандарттардың талаптарына жауап бермейтін материалдарды пайдаланғандықтан, бюджет қаражатын тиімсіз қолдану, сондай-ақ жұмыстарды сапасыз орындау фактілері анықталды.

Бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалғанына Есеп комитеті анықтаған мынадай мысалды келтіруге болады. 2006 жылы бюджеттен 160,5 млн. теңгеге салынған «Риддер — Ресей Федерациясының шекарасы» автокөлік жолы қазіргі кезге дейін Ресей жағынан жол болмауына байланысты пайдаланылмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті