Астанада мемлекет пен жеке меншіктің экономикалық серіктестігі жөніндегі бастама бойынша Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен форумы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекет пен жеке меншіктің экономикалық серіктестігі жөніндегі бастама бойынша Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен форумы басталды

Астанада мемлекет пен жеке меншіктің экономикалық серіктестігі жөніндегі бастама бойынша Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен форумы басталды

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада мемлекет пен жеке меншіктің экономикалық серіктестігі жөніндегі бастама бойынша Қазақстан мен АҚШ-тың бірлескен форумы басталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Маусым 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2007 жылдың 12 айында $2 млрд болды, Қазақстан экономикасына жұмсаған инвестициясының көлемі бойынша АҚШ бірінші орында. Бұл жақсы көрсеткіш, бірақ, біздің байланыстарымыздың әлеуеті әлі де түгесілген жоқ», -деді форумды ашқан ҚР индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков.

«Бүгінгі форум өзара серіктестікті жетілдірудің шешуші жолы», -деді АҚШ сауда департаменті хатшысының орынбасары Пол Дайк. «Бұл аса бірегей бастама, өйткені ол негізінен жеке меншік сектордың есебінен алға жылжитын болады. АҚШ Қазақстанмен арадағы байланысты дамытуға әрдайым үлкен роль беріп келеді», -деді ол.

Форум экономиканы әртараптандыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік және жеке меншік сектордағы ашықтық, сарапшылармен және технологиялармен алмасу, өңірлік интеграция, ДСҰ-ына мүшелікке өту секілді алты секция бойынша өтеді. Форум қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті