Жарияланды: 1700

АҚШ-та қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды

АҚШ-та қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды Сурет - baq.kz

Нью-Йоркте қоғамдық кітапханада қазақ әдебиеті мен мәдениетінің орталығы ашылды.Орталықта Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кітаптары, сонымен қатар тарихи, ғылыми және көркем әдебиет қойылған.

Мұнда барлығы кітапханада 200-ге жуық кітап бар, деп хабарлайды "Sputnik-Қазақстан".

"Бұл тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның экономикадағы, саясаттағы, әлеуметтік саладағы табыстарын кітап арқылы жеткізу үшін тамаша мүмкіндік", — деп жазған ұлттық академиялық кітапхананың құжаттарды өңдеу қызметінің жетекшісі Нұрбала Текесбаева. 

Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы – әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі бойынша тек Конгресс кітапханасы мен Британдық кітапханаға ғана жол береді. 

Закрыть