Жарияланды: 1500

"Ерекше шыққан": Виктор Цойдың "Группа крови" әні қобызда орындалды

"Ерекше шыққан": Виктор Цойдың "Группа крови" әні қобызда орындалды

Белгілі қобызшы  Ақерке Тәжібаева КСРО-да белгілі болған әнші Виктор Цойды туған күнімен құттықтап, танымал шығармасын қобызға салып орындады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

"Бүгін кеңестік рок-музыкант, әнші, сазгер, «Кино» тобынын жетекшісі Виктор Цой тірі болғанда 60 жасқа келер еді. Менің туған ағам оның әндерін сүйіп тыңдағандықтан кішкентай кезімнен оның әндері құлағыма сіңіп кеткен. Ол қайтыс болғанда біраз халық қайғырғаны әлі есімде. Әндерінің мағынасы қазіргі күнге дейін актуалды десем де болады. Қазіргі жастар біле қоймас, дегенмен Цойдың осы әнін қобызыма салып орындағым келді! Туған күніңмен Цой!!!",- деп жазба жариялады.

 

Бүгін кеңестік рок-музыкант, әнші, сазгер, «Кино» тобынын жетекшісі Виктор Цой тірі болғанда 60 жасқа келер еді. Менің туған ағам оның әндерін сүйіп тыңдағандықтан кішкентай кезімнен оның әндері құлағыма сіңіп кеткен. Ол қайтыс болғанда біраз халық қайғырғаны әлі есімде. Әндерінің мағынасы қазіргі күнге дейін актуалды десем де болады. Қазіргі жастар біле қоймас, дегенмен Цойдың осы әнін қобызыма салып орындағым келді! Туған күніңмен Цой!!!

Posted by Akerke Tazhibayeva on Tuesday, June 21, 2022

желі оқырмандары: 
"Ерекше және ғажап естіледі екен қобыздың үнімен Респект Акерке Тажибаева"," Жақсы шығыпты, Цойдың шығармашылығы өте мағыналы!","Ақерке бота,қылқобыздың ерекше дыбысын тауып,В.Цойдың өлеңдерінің нақышын келтіріп орындағаның бір ғаламат! Ізденісің сәтімен болсын қарындасым!", - деп пікір жазды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін