Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда қонақүйлерді, мотельдер мен демалыс пансионаттарын қоса алғанда, 2625 орналастыру орны болған.
«Елімізде демалуға және орналастыруға арналған қолжетімді нысандардың таңдауы кең. Мұндай орындар Щучье-Бурабай курорттық аймағында, Маңғыстау мен Түркістанның туристік аймақтарында, сондай-ақ Алтай курорттық аймағында бар. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 2027 жылдың соңына дейін қонақүйлерді, нөмірлері бар жол бойындағы кешендерді, демалыс базалары мен шипажайларды қоса алғанда, 141 орналастыру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр, – делінген ведомство хабарламасында.
Жалпы жобалардың 48-і тікелей қонақүй нысандарын салуды көздейді.
Бұған дейін Туризм және спорт министрлігі рекордтық көлемдегі 2,2 трлн теңге инвестицияның нақты қандай мақсаттарға жұмсалатынын айтқан еді.