Жарияланды: 32300

Қазақта бірінші баласын кемпір-шалға беру деген жабайы дәстүр бар – Дина Смайылова

Қазақта бірінші баласын кемпір-шалға беру деген жабайы дәстүр бар – Дина Смайылова Сурет - sputnik.kz

Зорлыққа қарсы «Не молчи» қозғалысының басшысы Дина Смайылова қазақта бірінші баласын кемпір-шалға беру деген жабайы дәстүр бар деп мәлімдеді.

Бұл ойын ол «КАРАВАН» газетіне берген сұхбатында айтқан. Дина Смайыловаға келген хаттардың көбінде қыздар жақындарының зорлағаны туралы жазады екен.

«Ағасы, атасы, әкесі, өгей әкесі... Ал балалар бұдан ешқайда қашып құтыла алмайды. Мынадай бір жағдай болған: өгей әкесі зорлаған бес жасар қызын анасы «өзің үнемі құйрығыңды бұлғаңдатып жүресің» деп кінәлаqды. Ал қазақта бірінші перзентін кемпір-шалға беру деген жабайы дәстүр бар. Сонда әке-шешесі ертең оны қайтып алатынын, сөйтіп, бала өзі үшін бөтен отбасыға тап болатынын ойламайды. Әлия Естенова да (оны өгей әкесі зорлаған – ред.) нағыз ата-анасының үйіне оқушы кезінде келген» дейді Смайылова.

Ол кішкентай қызды зорлауға қатысты тағы бірнеше мысалдар келтірді.

«Атасы туған немересін үш жасынан бастап зорлаған. Қыз жеті жасқа келгенде, мұны әке-шешеме айтамын деп қорқытқан. Азғын шал содан кейін тоқтаған. Бірақ немересі 15 жасқан келгенде, оны бірнеше адам зорлап, содан кейін барлық жайт мәлім болыпты» дейді «Не молчи» қозғалысының жетекшісі.

Пікір қалдырыңыз

[X]