Жарияланды: 60

17 нокауты бар "Құбыжық" P4P рейтингінде "Канелодан" көшбасшылықты алып қойды

17 нокауты бар "Құбыжық" P4P рейтингінде "Канелодан" көшбасшылықты алып қойды

Үштікте америкалық боксшы.

Бокс рейтингі бойынша трансляциялық кеңес сайты (TBRB) әлемдегі ең мықты pound for pound боксшылардың жаңартылған тізімін жариялады,-деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, "Құбыжық" лақап атты жапониялық Наоя Иноуэ (20-0 (KO) рейтингте бірінші болды, бұл орыннан ол Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) ысырып тастады - мексикалық енді екінші. Ең мықтылар үштігінде америкалық Теренс Кроуфорд (36-0, 27 КО). Ал қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) алтыншы орында қалды:

1. Наоя Иноуэ
2. Сауль "Канело" Альварес
3. Теренс Кроуфорд
4. Александр Усик
5. Тайсон Фьюри
6. Геннадий Головкин
7. Теофимо Лопес
8. Хуан Франсиско Эстрада
9. Эррол Спенс-младший
10. Василий Ломаченко

Айта кетейік, Иноуэ кейінгі рет 31 қазан Лас-Вегаста жұдырықтасып, жетінші раундта аустралиялық Джейсон Молониді нокаутқа түсірген. Осы арқылы өте жеңіл салмақта WBA, IBF және The Ring журналының белбеулерін қорғап қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін