Жарияланды: 40

"Астана" Әзербайжандағы футболшы үшін ай сайын 21 млн теңге төлеп отырған

"Астана" Әзербайжандағы футболшы үшін ай сайын 21 млн теңге төлеп отырған

"Астана" командасы Әзербайжан құрамасының жартылай қорғаушысы Ричард Алмейдамен келісімшартты үзген. Бұл туралы Azerifootball.com хабарлады.

Жартылай қорғаушы "Астана" сапына 2018 жылдың шілде айында еркін агент ретінде келген. Елорда командасы Бразилияда дүниеге келген ойыншымен 2 жылдық келісімшарт жасасқан еді. 

"Астана" сапында Ричард Алмейда 19 ойынға қатысты (8-і премьер-лигада) бір гол соққан.

2019 жылдың қаңтар айында Алмейда бұрынғы командасы "Карабахқа" жалға берілді.

Аталған басылымның мәліметі бойынша, футболшы Қазақстан командасымен келісімшарт жасаған кезде жылына 1 млн еуро жалақыға келіскен. Енді, биыл "Карабахқа" жалға берген кезде де жалақысының 60 пайызын "Астана" төлеп отырған.

Яғни, 1 миллион еуроның 60 пайызы 600 мың еуро болады. Бұл теңгеге шаққанда 255 млн теңге. Сөйтіп, ай сайын елорда клубы Әзербайжанда ойнап жүрген футболшы үшін ай сайын 21 млн теңге төлеп отырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін