Головкин келесі кездесуінің уақыты мен орнын жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Головкин келесі кездесуінің уақыты мен орнын жариялады

Головкин келесі кездесуінің уақыты мен орнын жариялады

Жекпе-жек 5-мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

  • 4 Сәуiр 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) допинг дауына байланысты шеттетілетін болса орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды ZonaESPN порталы. 

Порталдың мәліметі бойынша, "Канело" шеттетілген жағдайда Головкин 5-мамыр күні Лас-Вегаста ирландиялық Гэри О'Салливанмен (27-2, 19 КО) кездеседі екен. 

Жекпе-жектің өтетін орны сол Лас-Вегастағы T-Mobile болып қала береді деп жазады портал. Кездесуді НВО арнасы PPV жүйесі бойынша көрсетеді. Бұл кездесудің ақылы көрсетілімі де арзан болуы ықтимал екені айтылады. Себебі, О'Салливанның АҚШ жерінде жанкүйерлері көп емес. 

Еске салайық,  қазіргі уақытта Головкиннің промоутері Альвареспен жекпе-жек өтпей қалатын жағдайға дайындалуда. Том Леффлер бірнеше боксшының командасымен келіссөз жүргізіп жатыр. Сол үшін де отандасымыздың командасы 5-мамыр күні Лас-Вегаста белгіленген жекпе-жектің өтетін орнын ауыстыру үшін өтініш білдірген.

Ұқсас тақырыптар:

Головкинге 5 мамырдағы жекпе-жекке қосалқы жоспар ретінде "Канелоның" бауыры ұсынылды

Ресми! Сауль Альварес допингпен ұсталды

Альварестің бапкері Головкинді жеңу жолын айтты

Альварес Головкинді нокаутқа жіберемін деп отырГоловкин "Канелоны" жеңетініне сенімді

 

Соңғы жаңалықтар