Жарияланды: 40

Қанат Ислам WBO рейтингінде екі орынға төмендеді

Қанат Ислам WBO рейтингінде екі орынға төмендеді

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды. Айтылған тізімде жерлесіміз Қанат Ислам тағы да төмен сырғыды.

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бірінші орта салмақтағы орнынан айырылып қалды. Енді ол жаңартылған рейтингте тоғызыншы орынға жайғасты, деп хабарлады prosports.kz. 

Рейтингте британдық Лиам Смит көш бастаса, аустралиялық Дэннис Хоган екінші орынды місе тұтып отыр. Ал, америкалық боксшы Джулиан Уильямс үздік үштікті қорытындылап тұр.   

Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть