Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді

Ризабек Айтмұхан Ақтөбеде өтетін халықаралық турнирде өнер көрсетеді

9 тамызда Ақтөбеде Wrestling Stars League 4 атты ірі халықаралық күрес турнирі өтеді.

  • 8 Тамыз 2025
  • 69
Фото: Olympic.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған Қазақстан құрамасынан бірнеше балуан қатысады. 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан белдеседі.

Оның қарсыластары – ресейлік Константин Пшеничников, Рамазан Шабанов және Омар Зияутдинов.

79 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ергешке ресейлік Магомед Магомаев қарсылас болады.

65 келіге дейінгі салмақта Мейрамбек Қартбай қырғызстандық Нурсадык Нурдиновпен белдеседі.

Сондай-ақ, кардта өзге де жекпе-жектер бар.