Теннис: Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өте алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өте алмады

Теннис: Зарина Дияс «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына өте алмады

«Ролан Гаррос» турнирінің екінші айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-інші ракеткасы Зарина Дияс жапониялық Наоми Осакамен күш сынасты.

  • 30 Мамыр 2018
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Дүниежүзілік рейтингте 20-шы орында тұрған, осы жарыстың 21-ші ракеткасы болып тіркелген Н.Осака екінші геймде Зарина доп бергенде, ұзаққа созылған тартыстан кейін брейк жасады. Сосын өз геймін де құр жібермей, 3:0 есебімен алға шықты. Дегенмен З.Дияс та шеберлігін көрсетіп, таразы басын теңестіре білді. Алайда есеп 4:5 болған мезетте қазақстандық теннисші доп беруде сет-пойнт кезінде екі мәрте қателікке бой алдырды. Сөйтіп бірінші партияны жапониялық спортшы 6:4 есебімен ұтып кетті.

Екінші партияда қарсыластар бір-бірінің брейк жасауына мүмкіндік бермей, көпке дейін алдырмады. Тек есеп 5:6 болып тұрғанда, Осака екінші матчболын сәтті пайдалана алды.

Бір айта кетерлігі, биыл Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп бастаған мықтыларды ұтып, жеңімпаз атанған жиырма жасар Н.Осака өте тез, шапшаң ойнайды. Сонысымен шешуші тұстарда басымдылық көрсете білді. Оны Азияның жаңадан шығып келе жатқан жарық жұлдызы деуге болады.

Жапониялық теннисші үшінші айналымда қос америкалық, әлемнің 13-ші ракеткасы Мэдисон Кис немесе рейтингте 125-ші сатыда тұрған Кэролайн Доулхайдтың біреуімен шеберлік байқасады.


Сонымен, «Ролан Гаррос» турнирінде жекелей сында Қазақстаннан әлемнің 98-інші ракеткасы Юлия Путинцева ғана қалды. Ол бүгін рейтингте 86-ыншы орында тұрған америкалық Дженнифер Брэдимен кездеседі.

Оқи отырыңыз:

Астанада үш жасар бала менингит дертіне шалдықты деген күдік туындады 

"Канелоның" командасы Головкинмен кездесуден бас тартты 

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ
 

Соңғы жаңалықтар