Ұятты болған Альварес Головкинге қарсы реванштан неге бас тартқанын түсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұятты болған Альварес Головкинге қарсы реванштан неге бас тартқанын түсіндірді

Ұятты болған Альварес Головкинге қарсы реванштан неге бас тартқанын түсіндірді

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) қарсы екінші кездесуінің өтпейтініне қатысты пікір білдірді. 

  • 4 Сәуiр 2018
  • 168
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды. Альварестің мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы Невада штатының атлетикалық комиссиясы Канелоның допинг сынамасына қатысты әлі ешқандай шешім шығармаса да, Головкинге қарсы 5 мамырда өтетін кездесудің болмайтынын ресми түрде жариялады.

— Бұл жекпе-жектің болмайтынына көңіл-күйім түсіп, өзімді қауқарсыз сезініп отырмын. Жасыратын ештеңем жоқ, мен "таза" болғым келеді. Әлгі зат (кленбутерол) ағзамнан кездейсоқ табылғанын дәлелдеу үшін бәрін жасаймын. Көңіліме тиетіні, адамдар мені кінәлап, жала жауып жатыр. Бұдан былай осындай жайт қайталанбас үшін мұқият шаралар қолданатын боламын, — деді мексикалық боксшы.

Головкиннің келесі кездесуі Лас-Вегастағы «Синко де майо» рингінде өтеді. Бұл жайлы боксшының өзі хабарлады. Алайда қазақстандық енді басқа қарсылас іздеуге мәжбүр. Оған қарсы шаршы алаңға шығуы мүмкін спортшылар — Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО), кіші Хулио Сесар Чавес (50-3-1, 32 КО), Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО).


Головкиннің промоутері Том Леффлер Билли Джо Сондерстің (26-0, 12 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен Хайме Мунгианың (28-0, 24 КО) кандидатураларын қабылдамады.

 

Ұқсас тақырып:

Головкин келесі кездесуінің уақыты мен орнын жариялады
"Канелоны" допингке қатысы бар деп айыптаған Головкиннің өзі сотқа тартылуы мүмкін
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы Головкинмен жекпе-жекке шыққысы келеді
 
Соңғы жаңалықтар