Аширбаева Роза : "Интернет желісінің зияны - адамдарды бір-бірінен алшақтатуында" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аширбаева Роза : "Интернет желісінің зияны - адамдарды бір-бірінен алшақтатуында"

Аширбаева Роза : "Интернет желісінің зияны - адамдарды бір-бірінен алшақтатуында"

Қазақстанда адамдар арасындағы коммуникация және әлеуметтік желідегі сөйлеу мәнерінің маңыздылығы жайлы Алматы Әйелдер Орталығының негізін қалаушысы Аширбаева Роза Caravan.kz тілшісіне айтып берді.

  • 4 Тамыз 2022
  • 926
Фото - Caravan.kz

— Қазақстанда адамдарың бір-бірімен деген қарым-қатынасы (сыйластығы) қандай деңгейде?

-Тек қана Қазақстанда емес, бүкіл әлемде соңғы уақытта адамдар арасындағы қарым-қатынас, коммуникация жолдары өзгеріске ұшырады. Өмірімізді жеңілдетіп, алысымызды жақын еткен интернет желісінің зиян тұсы осы адамдарды алшақтатуында.

Қалай сонда? Осыдан 20 жыл бұрын хат-хабар алмасу үшін почтаға барып, қолыңмен хат жазып, оның жетуін апталап күтуші едік. Tелефонмен сөйлесу үшін де автобусқа мініп, почтамтқа жол тартып, жарты күн кезек күтіп, 2 минутта барлық ақпаратты жарыса айтып, қал жағдай сұрасып үлгеретін едік. Қазір рахат қой. Хабарламаң сол мезетте жетеді, телефон соғу түк емес, аудиохабарламалардың ұзақтығында шек жоқ, видеомен де жүздесіп, көзайым болып сағынышыңды басасың.

Қарап тұрсаң, барлық жағдай қарым-қатынасты жақындатуға, нығайтуға жасалып жатыр. Бірақ осы коммуникация жолдарының жеңілжетімділігі (легкодоступность) керсінше адамдар арасындағы қарым қатынасты алшақтатуда.

Онлайнда әдемі болу, мінсіз болу оңайырақ.

Ал, көзбе көз қарым қатынас үшін адам еңбек ету керек.

Онлайнда жақсы лебізіңді білдіру үшін бір саусақпен лайк қоя саласың.

Ал өмірде ұялып, қысылып: сен маған ұнайсың, осы қылығың сүйкімді, тағы күлші — деп ауызбен айту үшін үлкен күш жігер керек.

Онлайн коммуникация территориялық алыс қарым қатынасты жақындатуға әдемі құрал, бірақ жаныңдағы адамдарды алшақтататын 21 ғасырдың дерті.

Адамның миы еріншек орган, ол әрқашанда адам бойындағы энергияны сақтап қалу үшін оңай жолды таңдап тұрады. Өзің байқамай қалай ватсап, тикток, инстаграмыңды ашқаныңды байқамай қаласың. Солар арқылы әңгімеден қашу, жақыныңа уақыт бөлмеу, қарым қатынасты реттемеу оңайырақ.

Сондықтан да қазір қайда қарасаң телефон шұқыған адамдар. Балалар да қарттар да бір бір телефонға шұқшиюда. Бір бөлмеде отырып сөйлеспейді ешкім. Кафеге достар кездесуге барып, телефон қарап отырады.

Онлайндағы әдемі өмір қызық.

Шынайы өмір ұнамайды. Шынайы өмірің әдемі болу үшін әрекет ету керексің, даму керексің, білім алып, еңбектену керексің.

Жо-жоқ, одан да онлайн өмір жақсы.

Осының кесірінен қазір тек қана біздің елде емес, интернет қамтыған барлық елдерде тірі коммуникация әлсіреген.

Тірі коммуникация дегеніміз жақындарыңмен сыйластық, түсіністік, тірі жылулық.


— Адамдардың мүмкіндіктері шектеулі адамдарға көзқарасы қандай?

— Әлеуметтік желіде өте жақсы. Интернет мінсіз әлем, ол жерде біз өзіміз мінсіз болып, жаны мен тәні қиналып тұрған басқа біреуге көбірек көңіл бөлеміз. Мүмкіндігі шектеулі жанның парақшасын ерекше мейірімділіктпен репост жасаймыз. “Алла шипасын берсін” деген сөзді комментарийде оңай жазамыз, каспимен 100-200теңгені оңай жібереміз.

Өмірде өз ойымызға шомып, сондай жанның жанның дәл қасынан көрсең де, көрмегенсіп өтіп кетеміз.

Шынайы өмірде сол адамға жақындап, “Алла шипасын берсін” деп айтып кететін жандарды көрдіңіз бе? Қалтасынан тиын алып, тастап кететіндер де көп емес. Сондықтан әлеуметтік желіде парақшасы бар мүмкіндігі шектеулі жан өзіне көмекті жылдамырақ жинай алады.

— Адамдардың қарым-қатынастарын қалайша жақсартуға болады? Қандай жұмыстар жасап атқарылуда?

— Бұл проблеманың шешімі көрініп ақ тұр. Оңай деп айтуға болады, бірақ орындалуы қиын. Ол үшін онлайндағы өмірге кететін уақытты шектеу керек.

Әлеуметтік желідегі бизнес арқылы ақша тауып отырсаңыз, сізге бұл шараның қатысы жоқ.

Мен сол онлайнда тым көп уақыт өткізетін ханымдарға арнап тегін марафон өткіземін. Шарттары оңай: ұйықтар алдын 2 сағат бұрын телефон қарама, керек емес парақшалардан, чаттардан шығып кет, керек емес уведомлениелердің даусын басып қой. Әлеуметтік желіде емес, шынайы өмірде өмір сүр деп айтамын.

“Труд — облагораживает” деген сөз бар. Расында еңбек адамды жақсартады. Еңбек етсең басқалармен араласасың, қалтаңда ақшаң болады, ақшаң болса жақындарыңа сыйлық беріп, қарым қатынасты жақындатасың. Менің басқаларға беретін кеңесім осы. Бас көтермей, телефон қарамақ түгілі атыңды ұмытып қалатын жағдайға жететіндей жұмыс істеу керек.

Тек қана жұмыс, еңбек сізді интернеттегі қиял өмірден алып шығып, шынайы өмірде қарым қатынасыңызды да, материалдық жағдайыңызды да, тұлғалық қасиеттеріңізді де жақсартады.

Өміріңізді мәнді, сәнді және қызықты ету мүмкіндігі тек шынайы өмірде ғана бар.

Соңғы жаңалықтар