"1 адамнан 60 жын шығардым" - жын шығарушы - kaz.caravan.kz
  • $ 462.87
  • 540.72
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"1 адамнан 60 жын шығардым" - жын шығарушы

"1 адамнан 60 жын шығардым" - жын шығарушы

Руқия маманы, яғни жын шығарушы Кейқуат Оспанов бір адамнан 60 шығарғанын айтты.

  • 24 Сәуiр
  • 18
Видеодан скрин

Бұл туралы ол журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Астанада адам қабылдадым, 15-20 жын шығаратын уақыттар болады. 60 жын шығарған видеоларымыз бар. Бір адамның ішінен шықты, бөліп, бөліп 3 күн оқығанмын. Керек десеңіз, ішінде 150 жыны бар адам да бар. Оған сиқырмен қызғанып әжесі немересіне сала берген. Тамаққа бере берген, бере берген. Ұлы қайтыс болып, немересін алып қалу үшін бақсыға барған. Байқамай адасып барып бақсыға оқыта берген, тамаққа қоса берген», — деді жын шығарушы.

Сондай-ақ, ол сұхбат барысында жынды қалай анықтауға болатынын айтып берді.

«Жын 3 жағдайда болады. Жын қағуы мүмкін, сыртынан қағып кетеді. Ол қорқақ адам болып қалады, жаманшылыққа үйір. Жын жоқ, бірақ өзінің жүрегі ауып кеткен. Екіншісі, сиқырмен келетін жындар. Көреалмаушылықтан адамдар жасап жатады, арнайы жасатады. Арнайы жасатқан кезде, ол арнайы істемейді. Ол адамның іші тар, шайтанға ұқсап кеткен. «Өзім білем» деген адам. Ібіліс «Адам атаға бағынамын ба, жоқ па өзім білемін» деген ғой. «Өзім білем» дейтін адамдарға Алла тағала «өзегің өртенсін» деп жын кіріп кетеді екен», — деді жын шығарушы.