1 маусымда Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 маусымда Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

1 маусымда Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді

Бүгін Алматыда балалар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды.

  • 1 Маусым 2021
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«1 маусым — халықаралық балаларды қорғау күніне орай 7-15 жас аралығындағы балалар қоғамдық көлікте тегін жүреді», — деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы халықаралық әйелдер демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітілген және 1950 жылдан бастап жүйелі түрде атап өтіліп келеді.

Мұндай мерекені белгілеу идеясы алғаш рет 1925 жылы Женевадағы балалардың әл-ауқатына арналған бүкіләлемдік конференцияда айтылды.


Бір ғасырға жуық тарихы бар мерекені тәуелсіз Қазақстан да жыл сайын атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар