1 қаңтардан бастап жаңа көліктерге хабар беру қондырғысын орнату туралы ереже күшіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1 қаңтардан бастап жаңа көліктерге хабар беру қондырғысын орнату туралы ереже күшіне енді

1 қаңтардан бастап жаңа көліктерге хабар беру қондырғысын орнату туралы ереже күшіне енді

1 қаңтардан бастап су жаңа көліктердің барлығына хабар беру қондырғысын орнату туралы ереже күшіне енді. Бұл Қазақстан, Ресей, Беларуське ортақ талап. Яғни, осы үш елге енген жаңа көліктің арнайы құрылғысы болуы керек.

  • 5 Қаңтар 2017
  • 778
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

«ЭРА-ГЛОНАСС» деп аталатын бұл құрылғы жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, транспорттың мекенін нақты анықтауға мүмкіндік бермек. Дегенмен техникалық регламенттегі бұл өзгеріс көлік бағаларына қалай әсер етпек?

Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты автоматты түрде жедел жәрдем, төтенше жағдайлар мен полиция қызметтеріне хабарлайтын “ЭРА-Глонасс” құрылғысы жолаушылар қауіпсіздігі үшін қондырылмақ. Оның көмегімен көліктің нөмірі мен маркасын, қай жерде, қандай жылдамдықпен жүріп бара жатқанын анықтауға болады. Жүйенің негізгі міндеті: қиындыққа тап болған көлік иесіне суыт жетіп, жедел көмек көрсету.

“Жедел жауап қату жүйесі сөзсіз қажет, себебі адамдардың өмірінен артық ештеңе жоқ. Әрбір минут санаулы мұндай кездерде ешкім оның орнату бағасын ойлап бас ауыртпайтын шығар. Есесіне уақыт өте жол-көлік оқиғаларының саны қысқарады. Жол үстіндегі жүргізушілер өмірін сақтап қалуға барлығымыз мүдделіміз”, – дейді Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы Андрей Лаврентьев.

Десе де тың жүйе Еуропа мен АҚШ сияқты елдерден жаңа көлік әкеліп сататын дилерлердің наразылығын тудыруда. Себебі жедел жауап қату жүйесі орнатылмаған темір тұлпарларға олардың қауіпсіздігін растайтын куәлік берілмейді. Ал аталмыш куәліксіз көлік құралы паспортын алу мүмкін емес. Тәуелсіз көлік жүргізушілер одағының төрағасы құрылғыны қондырып, тиісті құжаттарды рәсімдеу үшін 800 мың еуроға дейін қаражат қажет. Ал бұл жылына оншақты дана көлік сататын дилерлер үшін тиімсіз -дейді. Мамандар бұл сайып келгенде Ресейлік авто өндірісті қолдауға бағытталған кезекті шара екендігіне сенімді.

“Ресейде өндірілген көліктерге Ресейдің өзінде сұраныс төмендеп жатыр. Ресейлік авто өндіріс шығындары 2015 жылы 1 миллиард долларға жетті. Олар шығарған өнімнің 80 пайызы бүгінде Қазақстанға экспортталады. Себебі моральді тұрғыда ескіріп кеткен бұл көліктерді шетелдіктерге өткізу мүмкін емес. Сондықтан осындай талаптармен, қосымша шектеулермен ресейлік авто өндірістің сойылын соғып отырған шенділер тұрғындарымызды аталмыш көліктерді таңдауға итермелемек”, – дейді Тәуелсіз көлік жүргізушілері одағының төрағасы Эдуард Эдоков.


Жолаушыларды құтқаруға арналған қондырғы GSM жүйесі арқылы, яғни байланыс операторларының көмегімен жұмыс істемек. Олай болса, байланыс жоқ жерде, құрылғыда орнатылған Sim картадан да пайда жоқ сияқты. Яки Кедендік одақ елдері үшін күштеп міндеттеліп жатқан “ЭРА-Глонасстың” тиімділігі күмәнді -дейді мамандар.