1 қыркүйекте ел өңірлерінде қандай ауа райы сақталмақ?
![]() |
1 қыркүйекте Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты |
тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз республиканың солтүстігінде бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді.
Тек оңтүстік, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болады, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с соғады, түнде тұман болады. Павлодар күндіз Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысында найзағай ойнайды. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында ыстық болады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін