«Мен мұсылманмын. Біздер үшін маңдай терімізбен тапқан ақша ғана адал болып саналады, — дейді Сан Хосе қаласындағы Burger King мейрамханасының қожайыны Алтаф Чаус.
Алтаф ақша толы сөмкені өткен аптада тауып алған көрінеді. Жұмыс уақыты аяқталғанға дейін қожайыны келіп қалар деген оймен ешкімге хабарласа қоймаған. Алайда, ақша иесі бой көрсетпегесін бірден полицияға қоңырау шалған.
«Сөмкеде әрқайсысы 10 000 доллардан 10 бума жатты. Өмірімде бұндай ақша көрмеген есім шығып кетті», — дейді ағынан жарылған Алтаф.
Полиция қызметкерлері тінту барысында сөмкеден ақшаға қоса, есірткінің де барын анықтаған. Әзірге сөмке қожайыны табылмады.