103 жастағы қария үшінші рет үйленді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
103 жастағы қария үшінші рет үйленді

103 жастағы қария үшінші рет үйленді


Ирак тұрғыны Хаджи Мухейлиф Фархуд әл-Мансури мүмкіндігінше көп балалы болу үшін үшінші рет үйленуге шешім қабылдады, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

  • 17 Сәуiр 2022
  • 47
Фото - Caravan.kz

Ер адам қазір 15 баланың әкесі, жүздеген немеренің атасы. Ол екінші әйелі тастап кеткеннен кейін үшінші рет үйленгісі келетінін айтқан. Оның таңдауы небәрі 37 жастағы әйел болды. Салтанатты шара айдың басында өткен.

Жүз жасаған ақсақалдың ұлдарының бірі журналистерге әл-Мансури бірнеше ай бойы екінші әйелінің өзіне қайтып келуін күткенін айтты. Келмеген соң ол үшінші неке туралы шешім қабылдаған. Ол балаларынан ештеңе талап етпейтінін мойындады.

"Тек Алла Тағала жарылқап, мені жалғыз қалдырмаса екен", — дейді қарт.