13 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады
![]() |
13 қыркүйек күні республиканың көптеген бөліктері арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді, |
кей жерлерде бұршақ жауы ықтимал. Республиканың батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп жазады Қазгидромет.
Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшейуі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман бақыланады. Алматы облысының кей жерлерінде бұршақ, желдің 17-22 м/с күшейуі күтіледі. Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай болып, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай бақыланады, жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады. Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін