Жарияланды: 1300

15 мың теңге: Өтініш беруге арналған сайт ашылды

15 мың теңге: Өтініш беруге арналған сайт ашылды

Коммуналдық қызмет үшін 15 мың алуға арналған сайт ашылды. Бұл туралы астанлық әкімдіктің iKomek бірыңғай байланыс орталығы хабарлады. 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өтемақы алу үшін Komtolem.kz сайтына өту керек.

Алдымен жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу қажет.

Жүйе өтініш берушінің тізімде бар-жоғын тексереді.

Егер тұрғынға өтемақы берілуі тиіс болса, бірақ жеке сәйкестендіру нөмірі базада болмаса, +7 (7172) 28 09 59 нөміріне хабарласу керек.

Сайтта өтінішті @KOMTOLEM_BOT  Telegram-боты арқылы жіберуге болатыны жазылған.

Шындыққа жанаспайтын ақпарат берілгені үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертіледі. Қылмыстық кодекстің 190-бабына ("алаяқтық", айыппұлдан бастап екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру қарастырылған) және 195-бабына ("алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру", айыппұлдан бастап 40 тәулікке дейін қамауға алу қарастырылған) сәйкес жауапқа тартылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін