150 қазақстандық азамат шетелде содырлардың қатарында күреске қатысуда –ҰҚК - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
150 қазақстандық азамат шетелде содырлардың қатарында күреске қатысуда –ҰҚК

150 қазақстандық азамат шетелде содырлардың қатарында күреске қатысуда –ҰҚК

Қазақстанның шамамен 150 азаматы шетелде террористік топтардың құрамында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысып отыр,

  • 21 Наурыз 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады республика ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.
"Бүгінде шамамен 150 азамат шетелде террористік топтардың құрамында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысып отыр,олармен қатар онда әйелдері мен жесірлері, балаларды қосқанда тағы 200 отандасымыз бар”, деді ол Астанада жұмада халықаралық терроризм мәселелеріне арналған конференцияда.
"Іс жүзінде олар біздің елдің алданып қалған азаматтары. Террристердің шынайы бет-пердесін көрген олар қателерін түсінді, елге қайтқылары келеді, бірақ қорқады”, деді ол.

 Қазақстан ҰҚК ел азаматтары содырлар қатарына еніп кетпеуі үшін алдын-ала шаралар қолданып отыр, деп хабарлады ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.


"Шетелге шығатын қазақстандықтармен арбауға түсіп қалмаулары үшін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, бұл әдістер өзін ақтап отыр. Қазақстаннан кетушілер саны азайды. Өткен жылы 80-нен аса адам райларынан қайтты”, деді ол Астанада жұмада халықаралық терроризм мәселелеріне арналған конференцияда.
Оның айтуынша, қазақстандықтарды террористік қызметке тарту каналдарының бірі, олардың шетелдік теологиялық оқу орындарында оқуы, бұл оқу орындарының басым бөлігі заңсыз түрде жұмыс істейді.
"Осы орайда, ондай студенттерді қайтару жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Біз 90 жасты қайтардық, оларға отандық оқу орындары базасында теологиялық білім алу үшін жағдай жасалуда”, деді ол.