БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олар Березов ауылындағы орта мектепте белгісіз газдан уланған, қазір жағдайлары қалыпты. Оқиға орнында экологтар, денсаулық сақтау, тұтынушылар құқығын қорғау, ішкі істер, прокуратура органдарының қызметкерлері жұмыс жасауда. Аудан әкімі төрағалық ететін жедел штаб құрылды.
Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары Арман Өтеғұловтың жетекшілігімен жедел штаб іске кірісті.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары, қандай газ екендігі анықталуда.