1-тамыздан бастап Өзбекстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері орта есеппен 1,3 есе өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.59
  • 578.91
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
1-тамыздан бастап Өзбекстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері орта есеппен 1,3 есе өседі

1-тамыздан бастап Өзбекстанда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері орта есеппен 1,3 есе өседі

2004-жылғы 1-тамыздан бастап Өзбекстанда бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы, зейнетақының барлық түрлері мен әлеуметтік жәрдемақылардың, сондай-ақ, студенттердің шәкіртақысының мөлшері орта есеппен 1,3 есе өседі. Бұл туралы KZ-today тілшісі Ташкенттен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2004
  • 684
Фото - Caravan.kz

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың «2004-жылғы 1-тамыздан бастап жалақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылардың, сондай-ақ, студенттердің шәкіртақысының мөлшерін арттыру туралы» жарлығына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері айына 6530 сом ($6,4) болып белгіленді. Ал жасқа қарай белгіленетін зейнетақы мөлшері 12920 сом ($12,6), қарттарға арналған және еңбек өтілі толмаған, жұмыс қабілетінен айрылған азаматтарға арналған жәрдемақы 7825 сом ($7,6) болмақ.

Өзбекстан үкіметіне жалақыға, зейнетақыға, баласы екі жасқа толғанға дейін аналарға баланың бағым-күтіміне арналған жәрдемақыға, балалы отбасыларға арналған жәрдемақыға арналған төлемдер мен өтемақыларға қосылатын үстемелерді 1-тамыздан бастап беру тапсырылды. Барлық төлемдер республикалық бюджет пен бюджеттен тыс зейнетақы қорының есебінен төленеді. Қазіргі таңда Өзбекстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 5444 сомды ($5,3) құрайды. $1=1020 сом.