2 миллионнан аса қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 миллионнан аса қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі

2 миллионнан аса қазақстандыққа коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі

2 миллионнан аса қазақстандыққа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі.

  • 7 Тамыз 2020
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімеді. 

"2 182 000 азаматқа COVID-19-ға қарсы вакцина тегін беріледі", — делінген хабарладама. 

Айта кетейік, қыркүйекте қазақстандық вакцина адамдарға сынала бастайды. Бұл туралы ветеринария ғылымдарының докторы және коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны әзірлеуші Лесбек Күтімбетов мәлімдеген болатын.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты наурыздың соңында алғашқы вакцинаны әзірлеуді бастаған болатын. Күтімбетов әзірленген вакциналар бірнеше түрге бөлінетінін айтты: белсенді емес вакцина, қосалқы вакцина, екі векторлы вакцина, тірі вакцина. Маман вакцинаны өзіне де салдырғанын, ешқандай кері әсер болмағанын айтады. 


Соңғы жаңалықтар