2 қыркүйекте еліміздің батысы мен шығысында күн ашық болады
![]() |
2 қыркүйекте Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, |
деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал, жел күшейеді, тек батысында және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, жел 15-22 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде Маңғыстау облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал.
Түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін