20 жылдан асып кеткен ескі машинаның көбі — Алматы облысында - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
20 жылдан асып кеткен ескі машинаның көбі — Алматы облысында

20 жылдан асып кеткен ескі машинаның көбі — Алматы облысында

Шілде айында 156,8 мың автокөлік есепке қойылды. 

  • 17 Қыркүйек
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4% кем, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform-ға сілтеме жасап.

Осылайша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 545,2 мың болды, оның ішінде:

88% — жеңіл автомобильдер

9,9% — жүк автомобильдері

2,1% — автобустар.

Тіркелген жеңіл автомобильдердің жалпы санында шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқандар үлесі — 44,2%, 10-20 жыл арасында — 23,5%, 7-10 жыл болғандар — 12,3%, 3 жылдан асқан бірақ 7 жылдан кемдер — 13,6% және шыққан жылы 3 жылдан төмен көліктер үлесі — 6,2%.

Шығарылған жылы 20 жылдан асқан жеңіл автомобильдердің ең көбі Алматы облысында — 324,9 мың, Алматы қаласында — 189,6 мың, Жамбыл облысында — 169,4 мың, Қарағанды облысында — 162,7 мың және Шығыс Қазақстан облысында — 153,8 мың.

Пайдаланатын отын түрі бойынша көліктің 81,9% бензинмен, 7,5% — аралас отынмен жүреді, дизель отынымен қозғалатындар үлесі — 7,1%, газ баллонымен жүретін автомобильдің үлесі 0,2% құрады, тағы 0,2% көлік электр қуаты есебінен қозғалады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тоқ күшінің көмегімен қозғалатын жеңіл автомобиль саны 2,3 есе — 4 670-тен 10 674-ке дейін өскен. 

Электромобильдердің ең көбі Алматы қаласында — 6275, Астана қаласында — 1351 және Алматы облысында — 522.