200 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
200 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады

200 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады

"Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қолға алынатын жобалардың арқасында 200 мың қазақстандыққа жаңа жұмыс орны ашылады.

  • 12 Наурыз 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Сенатының депутаты Ахан Бижанов мәлiм еттi.

"Бiздiң мемлекет жұмыссыздықты болдырмау мақсатында барлығын iстеп жатыр. Ең басты қолға алған шарасы — "Нұрлы жол" бағдарламасы. Осының арқасында бiз қазiргi заманғы көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымға ие боламыз. Жол құрылысы белең алады. Бұл көлiк және логистика мәселелерiн шешу ғана емес, экономиканың өзге салаларын: металл өндiрiсi, цемент, құрылыс материалдары және тағы басқа салаларға серпiн бередi. Сонымен қатар 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының  ашылуы жоспарлануда", — дедi ол. 

Депутаттың айтуынша, сонымен қатар "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бойынша, 2010-2014 жылдар аралығында 260 мың жұмыс орны ашылған. 


"Жұмыссыздықты болдырмаудың тағы бiр бағыты — шағын және орта бизнестi қолдау. Кәсiпкерлiктi дамытуға бюджеттен 75 млрд теңге бөлiндi. Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобалар да сақталады. Биыл индустрияландыру аясында 75 нысан салынады және 7,5-8 мың жұмыс орны құрылады", — дедi сенатор.