Қазіргі жағдаймен қуаты 55 мегаваттық газды пайдаға жарату қондырғысының құрылыс жұмыстары 96 процентке тәмамдалды.
Бұл жоба ПетроКазахстан инк. мұнай компаниясына ілеспе газды утилизациялауға мүмкіндік беріп қана қоймай, өз кеніштерінде сенімді қуат көздерін құруға жағдай жасайды. Артылған электр қуаты еліміздің ішкі рыногіне шығарылмақшы.
Ілеспе газды пайдаға жарату жобасын ПетроКазахстан инк. мұнай компаниясы мен Торғай Петролеум ЖАҚ тең үлеспен жүзеге асырып отыр.