Жарияланды: 590

2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысында 100 кәсіпорын банкрот деп танылды

2003-жылдың бірінші жартысында Маңғыстау облысында бюджетке жалпы берешегі 6 млрд. 881 млн. теңгені құрайтын 100 кәсіпорын банкрот деп танылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Маңғыстау облыстық салық комитетінің төрағасы Ерік Жиенбеков хабарлады.

Оның айтуынша, бюджетке берешектің 40 проценті "Каскор" АҚ-ның үлесіне тиеді. Сол себепті биыл бұл кәсіпорынға банкроттық процедура жарияланды. Алайда кәсіпорын жыл соңына дейін скандий сату арқылы берешекті өтеуді жоспарлағандықтан қазіргі таңда банкроттық процедурасы тоқтатылған. Жұмыссыз тұрған кәсіпорындардың борышы 476 млн. 176,3 мың теңгені, немесе жалпы берешектің 7 процентін құрайды. Е.Жиенбековтың айтуынша, жыл соңына дейін кесте бойынша жалпы берешегі 4 млрд. теңгені құрайтын 154 кәсіпорынға банкроттық процедура жариялау межеленген. Комитет төрағасының хабарлауынша, өткен жылы берешегі 176,561 мың теңгені құрайтын небәрі екі кәсіпорын ғана банкрот деп жарияланды. Таяу уақыттарда "Маңғышлақ атом комбинатының" банкроттық мерзімі аяқталғаннан кейін банкроттық туралы заңға сәйкес бұл кәсіпорынның салық комитетіне берешегі 5 млрд. теңге алып тасталуы мүмкін.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть