Жарияланды: 440

2003-жылдың бірінші жартысында "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның таза пайдасы 30 процентке артып, кірісі 45 млрд. долларды құрады

2003-жылдың бірінші жартысында "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның таза пайдасы 30 процентке артты. Компанияның кірісі 45 млрд. долларды құрады. Бұл туралы бүгін, 5-тамызда Астанада өткен қысқаша баспасөз мәслихатында "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ-ның қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директоры Данияр Берлібаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Оның айтуынша, "мұнай бағасының халықаралық нарықтағы бағысының тұрақты жоғары деңгейде сақталуы мұнай өңдеуші кәсіпорындар үшін қолайлы жағдай қалыптастырды. Сонымен қатар біз мұнай өндіру жоспарын асыра орындадық",- дейді Д.Берлібаев. Мәселен, компания 3,8 млн. тонна мұнай өндірген. Бұл 2002-жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 7 процентке артық. Д.Берлібаевтың айтуынша, 2005-жылы халықаралық стандартқа көшу талабына байланысты қазір компания жаңа есеп саясатын қалыптастырумен айналысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін