Жарияланды: 480

2003-жылдың бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысында ақылы қызметтердің құны 4 процентке қымбаттады

2003-жылдың бірінші жартысында Солтүстік Қазақстан облысында ақылы қызметтердің құны 4 процентке қымбаттады,- деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан Облыстық статистикалық басқармасынан.

Қаңтар-маусым айларындағы ақылы қызмет түрлеріне баға индексінің қалыптасуына тұрғын үй-коммуналдық қызметтер құнының жыл басынан бері (жалпы қызметтер көлемінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер 60%-ті иемденеді) 3,0%-ке, соның ішінде суық су бағасының 9,9%-ке, канализация құнының 8,5%-ке, электр қуатының бағасы 3,6%-ке, газ құнының 5,8%-ке қымбаттауы шешуші әсер етті. 6 айда көлік қызметінің ақысы 14,7%-ке қымбаттады. Темір жолмен жолаушы тасымалдау құны 4,6%-ке, автокөлікпен тасымалдау құны 17,9%-ке, на соның ішінде қалалық автобустарда адам тасымалдау бағасы 25,8%-ке, таксимен тасымалдау бағасы 10,3%-ке қымбаттады. 2003 жылдан бастап өткен жылдармен салыстырғанда өнеркәсіптік тауарлар бағасының жоғары қарқынмен өсу ағымы белең ала бастады . Жыл басынан бері зергерлік бұйымдар мен сағат бағасы 6,4%-ке, басылымдар құны 6,0%-ке, киім-кешек, аяқ киім және мата құны 3,8%-ке, жеке басқа арналған тазалық бұйымдарының бағасы 3,6%-ке, кір жууға арналған ұнтақ сабындар мен тазалық құралдарының бағасы 3,0%-ке, дәрі-дәрмек өнімдерінің бағасы 2,8%-ке, ірі көлемді тұрмыстық бұйымдардың бағасы 2,6%-ке қымбаттады. 2002-жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда жеке көлікке арналған жанармай құны 0,3%-ке арзандады. Сондай-ақ, Аи-92 маркалы жанармай бағасы 2,2%-ке арзандады. Ал керісінше, А-76 жанармайының бағасы 2,7%-ке қымбаттады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть