Жарияланды: 370

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд. теңгеден асты

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 млрд. 194 млн. теңгені құрады (Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 46,3 %). Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,2% артық. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 55,5% -і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына, 43,3%-і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға жұмсалды. Негізгі капиталға салынған инвестицияның 89,4 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 86,2 процентті құраған болатын), ал 0,4 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы 0% ), 10,1 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 13,8%), 0,1 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 0%) шығарылды. Негізгі капиталға салынған инвестицияны құрылымдық тұрғыдан алсақ, 56,7 проценті өңдеу өнеркәсібіне, 16 проценті көлік және байланыс саласына, 6,2 проценті электр энергиясы, газ және су тарату саласына салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін