Жарияланды: 490

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскемендік кәсіпорындар 48 млрд. теңгенің өнімін өндірді

2003-жылдың қаңтар-шілде айларында Өскемендегі кәсіпорындар 48 млрд. 23 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы көлемнің 47,7%-іне тең. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қала әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі мөлшерінің индексі 4,2%-ке артты. Өскемендегі өнеркәсіп өнімінің басым бөлігі - 95,6% - 50-ден артық адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 86,1%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде биылғы жылдың 7 айында 41,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда өнім көлемінің индексі 4%-ке артты. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда машина жасау өнеркәсібіндегі өнім 56,4%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің өнімі 7,3%-ке, мыс өндіру көлемі 7%-ке өсті. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тоқыма өнеркәсібінің өнімі 52%-ке, химия өнеркәсібінің өнімі 2,8%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 9,8%-ке кеміді. Ал ағаш және ағаш бұйымдар өндіру мөлшері 14%-ке азайды. 2003-жылдың басынан бері қаладағы тасымалдаушы кәсіпорындар 1,275 мың тонна жүк тасымалдады. 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемі 9%-ке азайды. Сонымен бірге, 16,4 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,4%-ке артық. Жалпы алғанда жолаушы тасымалдау ауқымы 59,3%-ке кеміді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть