Ал экспорт көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,4%-ке азайып, 311,3 млн. долларды құрады, импорт 281,3 млн. долларға жетіп, өткен жылғыдан
2 % артты.
Сыртқы сауда сальдосы 30 млн. доллар көлеміндегі активті көрсеткішті құрады.
Экспорттың 90,3 проценті, импорттың 75,2 проценті еркін конвертациялық валюта есебінен жүзеге асырылды.
Өскемендік өнімдер дүниежүзінің 40 еліне экспортталды, соның ішінде экспорттық өнімдердің жалпы көлемінің 23,6 % Швейцарияға, 29,9% -Қытайға, 14,3%-і — Ресей Федерациясына, 7,7%-і — АҚШ-қа шығарылды.
Ал дүниежүзінің 51 елінен өнім сатып алынды, атап айтсақ, Ресейден 69,6%, Германиядан -5%, Украинадан — 3,2%, АҚШ-тан — 3,3%, Қытайдан — 2,6%.