Жарияланды: 550

2003-жылдың соңына дейін ҚР және РФ үкіметтері Астрахань-Атырау тас жолы бойындағы шекаралық өткелек құрылысын салу туралы келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Астрахань-Атырау тас жолы бойындағы Қиғаш өзені арқылы өтетін көпір үстінде шекаралық өткелек құрылысын салуға бағытталған ортақ шаралар туралы үкіметаралық келісімге ҚР және РФ үкіметтері 2003-жылдың соңына дейін қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ көлік министрлігінің баспасөз қызметінен таратқан хабарламадан мәлім болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес Ресей-Қазақстан үкіметаралық келісімінің жобасы жөнінде екі жақтың мүдделі министрліктері мен мекемелері ортақ мәмілеге келді. Келісім жобасы Қытай шекарасына дейін жалғасатын халықаралық Е-40 автожол бағытын (Украина шекарасы-Волгоград-Астрахань-Атырау-Бейнеу- Ташкент-Бішкек-Алматы арқылы Орталық Азия республикаларының аумағына дейінгі) ескеру негізінде жасалып отыр. РФ көлік министрлігі баспасөз қызметінің атап көрсеткеніндей, Қазақстан Ресейдің негізгі стратегиялық әріптесі болып табылады. Қол қойылғалы отырған келісім бірінші кезекте Каспий аймағындағы көлік инфрақұрылымы мен "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін дамытуға бағытталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін