2003-жылы Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің бюджеті 12 процентке арттырылды
2003-жылы Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің бюджеті 12 процентке арттырылып 900 млн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін, 13-тамызда өткен баспасөз мәслихатында Алматы қалалық денсаулық сақтау департаментінің төрағасы Василий Девятко хабарлады. |
Оның айтуынша, бұл қаржының 90 проценті халыққа кепілді әрі тегін медициналық көмек көрсету мақсатына жұмсалады. Атап айтсақ, биылғы жылы амбулаториялық жағдайда емделуге тегін дәрі-дәрмек тарату мақсатына 139 млн. теңге бөлінді.
В.Девятконың айтуынша, департаменттің бюджеті жыл сайын 10-15 процентке ұлғайтылып отырғанына қарамастан тегін көрсетілетін кепілді медициналық көмекке бағышталған қаржының тапшылығы бұрынғыдай басты тауқымет ретінде қалып отыр.
Келесі бір тауқымет - 85 проценті шетелдерден әкелінетін дәрі-дәрмек бағасының қымбаттығы болмақ. Дейтұрғанмен, департамент төрағасының айтуынша, елімізде жүзеге асырылып жатқан импорт алмастыру бағдарламасы аясында отандық фармацевтикалық кәсіпорындар саны біртіндеп артып, олардың қазіргі саны 89-ға жетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін